14 Желт 2024
Жаңалықтар

«Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2022 - 2023 оқу жылының есебі

 «Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2022 - 2023 оқу жылының есебі бойынша 1-11-сыныптар арасында 85 оқушы аяқтады. Мектепалды даярлық сыныбында 3 оқушы, ал мектепке дейінгі шағын орталықта 22 тәрбиеленуші бар. Оқу озаты - 6, оқу екпіндісі - 34 оқушы. Білім сапасы - 51,9%.

Мұғалімдер саны-32, жоғары білімдісі 25, жалпы санынан-78,1; арнаулы орта білімдісі-7. Жалпы санынан-21,8 пайыз; Жоғары санатты мұғалім-5, бірінші санатты-2, екінші санатты-1, педагог-зерттеуші-2, педагог-сарапшы-4, педагог-модератор-4. Мұғалімдердің жалпы санынан санатты мұғалімдер-56, 25 пайызды көрсетеді.

Мектепті биылғы оқу жылында 6 түлек бітіргелі отыр. Қаңтар айында оқушылар ұлттық тестілеу орталығына барып сынама тапсырып келді, нәтижесінде Берік Асемай-110 балл, Есламбек Мәди-84 балл, Қабылшақ Инабат-90 балл, Нұрмұхамед Аяулым-57 балл, Сапар Назгүл-53 балл жинады. Сапаға шаққанда орта балл-78,8 пайызды көрсетіп отыр. Осы оқушылардың ішінде медицина мамандығын 1 оқушы, педагог мамандығын 3 оқушы, ішкі істер бөлімі мамандығын 2 оқушы таңдап отыр. Келесі сынама тестілерін наурыз айында тапсырады.

2022 жылы бойынша 9-сынып оқушысы Төреғұл Нұрасыл облыстық «Абай оқуларынан» 1 орын, Республикалық «Абай оқуларынан» жүлделі 3 орын; 9-сынып оқушысы Мұрат Наурызбай облыстық «Абай оқуларынан» 2 орынды жеңіп алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дарибаева Назгүл. Облыстық «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар байқауынан 10-сынып оқушысы Қали Айдана жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Қами Жасұлан. Осы байқауда өзінің кіші отанының макетін жасаудан 9-сынып оқушысы Жолаушыбай Сымбат қатысып, сертификат алды. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Ерғали Мұрат. Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық 2 кезеңіне 9-11 сыныптардан 10 оқушы қатысып, олардың 5-уі жүлделі 2,3-орындарды иеленді. Атап айтсақ, орыс тілі мен әзебиетінен 9-сынып оқушысы Жолаушыбай Сымбат 2 орын (пән мұғалімі Тайжанова Гүлнар); математикадан 9-сынып оқушысы Мұрат Наурызбай 2 орын (пән мұғалімі Дүйсенбай Нұрлан); химиядан 11-сынып оқушысы Берік Әсемай 2 орын (пән мұғалімі Боранбаева Жанар); биологиядан 10-сынып оқушысы Қали Айдана 3 орын (пән мұғалімі Боранбаева Жанар); құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Есламбек Мәди 2 орын (пән мұғалімі Жунусов Жомарт).

7-8 сынып оқушылары арасында өткен жаратылыстану және қоғамдық пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-сынып оқушысы Оразбек Жахангер 1 орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Ал 8-сынып оқушысы Асыланқызы Каусар 2 орын иеленді (мұғалімі Кенбейлова Бекзат); Орыс тілінен 8-сынып оқушысы Берік Нұрасыл 1 орын (мұғалімі Тайжанова Г); Қазақстан тарихынан 8-сынып оқушысы Ибраш Бақсүндет 3 орын (мұғалімі Қами Жасұлан); ағылшын тілінен 8-сынып оқушысы Оразбек Дамира 3 орын (мұғалімі Досмаганбетова Гүлбарам).

Жаратылыстану бағыты бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы олимпиададан 7-сынып оқушылары Оразбек Жахангер химиядан 2 орын (мұғалімі Боранбаева Жанар); 7-сынып оқушысы Нағызқан Аян географиядан 3 орын (мұғалімі Шүкір Бақыткүл); Информатикадан 8-сынып оқушысы Берік Нұрасыл 3 орын (мұғалімі Ерғали Мұрат); математикадан 7-сынып оқушысы Оразбек Жахангер 2 орын (мұғалімі Шоханова Лайла).

5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінен 5-сынып оқушысы Қапен Ақдана орыс тілінен 2 орын (мұғалімі Тайжанова Гүлнар); 6-сынып оқушысы Жақсылық Әсем ағылшын тілінен 2 орын (мұғалімі Досмаганбетова Гүлбарам); математикадан 5-сынып оқушысы Ибраш Аят 2 орын (мұғалімі Дүйсенбай Нұрлан); 6-сынып оқушысы Нұрболатұлы Ерсұлтан жаратылыстану пәнінен 3 орын (мұғалімі Шүкір Бақыткүл).

10-сынып оқушысы Қапен Алтынай «Қостнай-Прожект» атты әлеуметтік – ғылыми бастамалар фестивалінен жүлделі 3 орында иеленді (пән мұғалімі Боранбаева Жан,ар); 11-сынып оқушысы Берік Асемай физика пәні бойынша облыстық ғылыми-жобалар байқауынан 3 орынды иеленді (мұғалімі Шоханова Лайла).

Мектеп оқушылары спорт жарыстарынан да биылғы оқу жылында жоғары нәтижелер көрсетті. Мектеп оқушылары арасында өткен аудандық шахмат жарысынан жалпы командалық І орынды жеңіп алды; Шаңғы жарысы бойынша аудан мектептері арасынан жалпы командалық 1 орын; Тоғызқұмалақтан 9-сынып оқушысы Төреғұл Нұрасыл аудан мектеп оқушылары арасынан 3 орынды иеленді. Спорт сайыстарына оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәні мұғалімдері Мұхан Сәбит, Сеитказиев Аслан, Әшім Райымбек, Сүндетов Жәнібектердің еңбектерінің айтып кетуге болады. Мектептегі ақылы спорт үйірмелері өз жұмыстарын уақытылы орындап отырады.

Бейнелеу өнері бойынша да аудан мектеп оқушылары арасындағы сурет байқауынан 8-сынып оқушысы Қапенов Даулет және 10-сынып оқушысы Әшім Нурислам жүлделі 1,2-орындарды жеңіп алды. (жетекшісі Махатов Ерік).

Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай ұйымдастырылған аудан көлеміндегі барлыс іс-шараларға мектеп оқушылары мен мұғалімдері жоғары деңгейде ат салысты. Мектеп ұстаздары арасынан сахналық қойылымнан аудан мектептері арасынан 3 орын иеленді, ұстаздарымыз Қами Жасұлан, Нағымашова Жанаттар аудандық ғылыми-теориялық конференцияларға баяндама жасап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағымашова Жанат облыс көлемінде өткен ғылыми конференцияда баяндама жасап, сертификат алды. Оқушыларымыз Төреғұл Нұрасыл, Жақсылық Әсем, Жандосұлы Айбек, Мұрат Наурызбай, Қапен Алтынай, Оразбек Жахангер, Ибраш Нұрлыбектер аудандық іс-шаралардың жүлдегерлері.

Шәкір тәрбиелеудегі еңбектері еленіп ұстаздарымыз тарих пәні мұғалімі Қами Жасұлан, информатика пәні мұғалімі Ерғали Мұрат, әлеуметтік педагог Нурсеитова Гулмира, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағымашова Жанаттар аудандық білім бөлімінің; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дарибаева Назгүл облыстық білім басқармасының, Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайжанова ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар