Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-і. Жангелдин ауданы орталығынан 22 шақырым қашықтықта Сужарған ауылы орталығында орналасқан. Мектептің алғаш 1928 жылы бастауыш мектеп болып ашылды, 1981 жылы орталау мектеп, 1982 жылдан бастап орта мектеп. Мектептің орын сыйымдылығы-120. Сынып бөлмелері,кабинеттер саны, шеберхана қосқанда- 17. Кітапханасы бар. Мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс атқарады. Мектептегі мұғалімдер саны-32. Жоғары санатты-5, бірінші санатты-1, екінші санатты-2, педагог-зерттеуші-2, педагог-сарапшы-4, педагог-модератор-4. Оқушылар екі ауысымда білім алады. Жалпы оқушы саны-88. Мектепке дейінгі шағын орталықта-22 тәрбиеленуші. Мектепалды даярлық сыныбында-3 тәрбиеленуші. Мектебіміз шағын жинақталған мектеп қатарына жатады. Оқу озаттарының саны-9, оқу екпіндісі-31. Оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Жас ұстаздар 60 пайызды құрайды.
Мектеп басқарған тұлғалар:
1981-1983 жж-Атығаев Балғожа
1983-1987жж-Алиев Қапеш
1987-1989 жж-Омаров Ғайни
1989-1997 жж-Дулыбаев Сүлеймен
1997-2004 жж-Шакиров Балғабай
2004-2020 жж-Ахметов Төленді
Қазіргі мектеп басшылары:
Құспек Аян Сәлімжанұлы
1992 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2020 жылдан бастап мектепті басқарады.
Тайжанова Гульнара Абдигапаровна
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары. Жоғары санатты маман. 2004 жылдан бастап мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Көп жылғы еңбегінің нәтижесі бағаланып, 2022 жылы ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Махатов Ерік Есламбекұлы
Мектеп директорының тәрбие орынбасары.
2021 жылғы түлек Асқар Жанэля Асқарқызы
Мектепті Алтын белгімен аяқтап, қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде білім алуда. Грант иегері
Қами Жасұлан Асқарұлы
2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының түлегі. Тарих пәні мұғалімі. Ауылдың Жастар ұйымының жетекшісі. 2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жангелдин ауданы жастарының Алтын кітабына енді.
Нағымашова Жанат Айкелдіқызы
2016 жылғы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Педагог - сарапшы. Аудандық, облыстық деңгейдегі сайыстар жүлдегері. Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығы мүшесі. 2022 жылы Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ізденімпаз ұстаз.
Шоханова Лайла Байтабынқызы.
Жоғары санатты, математика пәні мұғалімі. Еңбек өтілі - 35 жыл. Тәжірибелі ұстаз. 2020 жылы ҚР БЖҒМ Алғыс хатымен марапатталды. Шәкірттері Берік Әсемай - облыстық ғылыми жобалар байқауының 2 орын иегері. Ибраш Нұрлыбек облыстық 5 - 6 - сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиадада математикадан 3 орын жеңімпазы. Жақсылық Әсем облыстық онлайн оимпиададан математика пәні бойынша 3 орын иегері.
Дарибаева Назгуль Едресовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Педагог - зерттеуші. Тәжірибелі маман. Оқушыларын аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі Абай оқулары байқауына үздіксіз дайындап келеді. Соның да нәтижесі болар, шәкірттері Мұрат Наурызбай мен Төреғұл Нұрасыл облыстан жүлделі 1, 2-орындарды иеленді. Төреғұл Нұрасыл республикалық Абай оқулары байқауының 3 орын иегері