Мектеп бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңіне 10 оқушы қатысты. Нәтижесінде орыс тілі мен әдебиетінен 9-сынып оқушысы Жолаушыбай Сымбат 3 орын, құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Есламбек Мәди 2 орын, математика пәнінен 9-сынып оқушысы Мұрат Наурызбай 2 орын, химиядан 11-сынып оқушысы Берік Әсемай 3 орын, биологиядан 10-сынып оқушысы Қали Айдана 3 орындарды иеленді. Барлық оқушылар марапатталды.
ҰБТ бойынша
Биылғы оқу жылында мектепті 6 түлек бітіреді. Алдағы болатын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында оқушылармен «Білгірлер сайысы» өтті. Онда оқушыларға оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық,Қазақстан тарихы пәндері бойынша сұрақтар берілді. Әр сұрақ жауабына 1 баллдан қойылып, оқушылар өзара додаға түсті. Сайыс соңында жеңімпаз оқушыға бейін пәндері бойынша 5 сұрақ берілді. Жарыс соңында бірдей ұпай жинаған 3 оқушы Есламбек Мәди, Қабылшақ Инабат, Берік Әсемайларға бейін пәндерінен тапсырма берілді. Жеңімпаз Берік Әсемай 1 орын, Қабылшақ Инабат 2 орын, Есламбек Мәди 3 орын алды.
Апталықтар
Бастауыш сынып тіл үйірмесінің жетекшісі Нуржанова Балмоншактың ұйымдастыруымен «Тілден артық қасиет жоқ» атты апталық өтті. Апталыққа барлық бастауыш сынып оқушылары қатысты. Апталық барысында сыныпаралық «Ана тілім ардақтым» сайысы, оқушылар «Мен өз тілімді сүйемін» тақырыбында шағын шығарма жазды, соныме қатар 3, 4-сынып оқушылары «Қазақтың мақал-мәтелдері» тақырыбында буклет жасады. Апталық соңында 1, 2-сынып оқушылары ертеңгілік қойды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанат Нағымашованың жетекшілік ететін «Сөз шебері» үйірмесінің ұйымдастыруымен Қазыбек би Келдібекұлының туғанына 355 жыл толуына орай «Дала данагөйі» апталығы өтті. Апталыққа 5-11 сынып оқушылары ат салысты. 5-6 сынып оқушылары Қазыбек бидің шешендік сөздерін жатқа оқыса, 7-11 сынып оқушылары атақты бидің ел аузында сақталған ,шешендікпен әділ шешім шығарған оқиғаларынан көрініс қойды. Апталық соңы әдеби кешпен қорытындыланып,оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ақпан айының 9-да Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Сужарған ауылы кітапханашысы Төлебай Айгүл мен мектеп кітапханашысы Сапарова Ұлтуғанның ұйымдастыруымен «Әр өлеңі-бір әлем» атты поэзия кеші өтті. Кешке мектеп оқушылары, оқырмандар,мұғалімдер қатысты. Ақынның өлеңдері оқылып, өлеңдерінің сөзіне жазылған әндері орындалды. Поэзия кешінің соңында оқырмандарға кітапханашылар атынан алғыс хаттар берілді.
Ақпан айында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Тайжанова мектептегі аттестациядан өтетін мұғалімдерге жаңа ережені таныстырып, өзгешеліктер туралы айтты.